Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туберкулез белгілері қандай?

Туберкулез белгілері қандай?

Туберкулезді әр жаста жұқтыруға болады, әсіресе бұл ауру балалар үшін қауіпті. Балалардың иммунитет жүйесі толығымен қалыптаспаған, сондықтан бала ағзасы әр түрлі жұқпаларға шалдыққыш. Балаларда туберкулез симптомдары аурудың түріне және жұқпа үрдісінің оқшаулану жеріне байланысты.

Өкпе туберкулезінде аурудың негізгі симптомдары: жөтел (2 аптадан астам уақыт), дене қызуының ұзақ мерзімге көтерілуі, шаршағыштық, оқуға үлгермеу, тәбетінің жоғалуы, арықтау. Өкпе туберкулезінің белгілері суық тиюмен, ЖРВИ немесе бронхит ауруының белгілері ретінде қабылдануы мүмкін, ұзақ мерзімді жөтелу және дене қызуының көтерілуі туберкулезге тән белгілер екенін ұмытпау қажет.

Туберкулезге күдік туған жағдайларда қосымша тексерілуден өту қажет. Манту сынамасы балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруын анықтаудың маңызды әдісі болып табылады. Туберкулез диагнозы расталған жағдайда баланың емі дереу басталады. Балалар емдеуді жақсы көтереді және өкпенің зақымдалған тіні ересектерге қарағанда балаларда тез қалпына келеді. Аурудың алдын алу мақсатында балаларға туберкулезге қарсы вакцина егіледі, ерте жаста БЦЖ вакцинасымен иммундау туберкулез аурушаңдығын 15 есе төмендетеді және туберкулездің ауыр түрлерінің дамуының алдын алады. Бұл вакцина жаңа туған нәрестенің алғашқы екпесі болып табылады. Вакцина бала туғаннан 1-3 тәулік өткеннен кейін перзентханада салынады, иммунитет қорғанысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. БЦЖ вакцинасынан кейін қалыптасқан иммунитет шамамен 5 жасқа дейін сақталады. Сондықтан қайталап вакцина енгізу балаға (ревакцинация) 6-7 жасында салынады. Вакцинаның арқасында әлемде миллиондаған балалардың өмірі сақталады. Саламатты өмір салтын ұстану туберкулездің алдын алудың маңызды шарасы болып табылады, оған, толық құнарлы тамақтану, күнделікті денені шынықтыру және уақытылы демалуды қажет етеді. Балалар таза ауада жиі серуендеу, үйді жиі желдетіп отыру керек. Ата-аналар балаларын қарапайым санитариялық ережеге үйрету қажет, жөтелу, түшкіру кезінде орамал қажеттілігін түсіндіру. Туберкулезге қарсы күресудің жетістігі ата-аналарға байланысты. Туберкулездің ашық формасымен ауыратын тікелей қарым-қатынаста болған, яғни отбасы мен жұмыс орыны бойынша тығыз қарым-қатыста болған адамдарға жұғуы мүмкін. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ сирек жағдайларда дененің лимфа түйіндері сүйек жүйесі тіпті миды зақымдайды. Туберкулез адамнан адамға ауа тамшылы жолмен тарайды. Яғни жөтелгенде, түшкіргенде, науқаспен тығыз қарым-қатынас жасағанда беріледі. Туберкулез адамнан-адамға жұғады. Туберкулезді ерте сатыда анықтау мақсатында ересектердің барлығына емханада жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтіп тұруды қажет етеді.


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Еgemen.kz
19 қаңтар 2024 ж. 131 0