Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қолма-қол ақшасыз төлемге көшкен қазақстандықтар саны артқан

Қолма-қол ақшасыз төлемге көшкен қазақстандықтар саны артқан


Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында картамен жасалған қолма-қол ақшасыз төлем көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 3,6 трлн теңгені құрады.

АФК талдау орталығының мәліметінше, қазір картамен жасалған қолма-қол ақшасыз төлемнің «орташа чегі» 11 164 теңгені құрайды. Ал банкоматтан алынатын соманың орташа көлемі бұдан 4,3 есе көп, ол 48 339 теңгені құрайды.
Forbes.kz хабарлауынша, жалпы операциялар көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялар үлесі 32% -ға дейін артқан. Өткен жылғы қыркүйекте бұл көрсеткіш 23% деңгейінде болған.
Алматы қаласы картамен қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемі бойынша көш бастап тұр. Қыркүйекте Алматыға бүкіл елдегі қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемінің 67% тиесілі болған. Алматы – картамен қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі қолма-қол ақша көлемінен артатын Қазақстандағы жалғыз қала.
Қазір елімізде интернет төлем жасау үлесі де артып келе жатыр екен.
Соңғы жылы айналымдағы төлем карталар саны 19,2%-ға, 21,3 млн-ға дейін артқан. Биылғы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша карта ұстайтындар саны 17,5 млн-ға жеткен.
04 қараша 2018 ж. 1 008 0