Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кәсіподақтың тамаша тартуы

Кәсіподақтың тамаша тартуы

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдас­ты­руы­мен  жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада балғындарды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Еспенбетов құттықтап, тілектестігін білдірді.

Жаңа жылдық іс-шара театрлан­дырылған қойылыммен басталды. Онда қоян жылы балалармен қош­тасып, жаңа ұлу жылы өз жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ Аяз ата мен Қарша қыз балаларға жылы лебізін білдіріп, түрлі сұрақтар қойды. Концерттік бағ­дар­лама да ұсынылып, оқушылар жат­таған тақпақтарын жарыса айтты.

Бұл күні балалар Аяз ата мен Қарша қызбен бірге шыршаны айналып, ән шырқады. Аудандық мәде­ниет үйінің көркемөнерпаздары ертегі кейіпкерлеріне еніп, балаларға түрлі ойын ойнатты. Сондай-ақ балғын балалар тәтті торттан ауыз тиді.

– Мен Аяз атаға тақпақ айтып бердім. Ол бізге сыйлық ұсынды. Енді сабағымызды жақсы оқитын боламыз. Біз жыл сайын Жаңа жыл мерекесін асыға күтеміз, – деп өз қуанышымен бөлісті №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінің даярлық сыныбының оқушылары.

Керемет шырша барысында аудан­дық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бө­лімінің басшысы М.Қаратаев пен ау­дандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков құттықтау сөз сөй­леді. Сала басшылары оқуда озат бала­лардың ата-аналарына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

«Тт» ақпарат
30 желтоқсан 2023 ж. 216 0