Ақын шығармашылығы кеңінен насихатталды

«Мерейлі мектебіме 100 жыл» тақырыбында мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылса, әр жылдары қызмет еткен ардагер ұстаздармен «Өмірі – өнеге, сөзі – ғибрат» тақырыбында кездесу жүзеге асты. Сонымен қатар 1-11 сыныптардағы «Сырдың сұлу сүлейі» атты тәрбие сағаттары, 9-10 сынып оқушылары арасында «Brain rain» (Ми жаңбыры) интелектуалды ойыны ұстаздар қауымының көңілінен шықты. Тартысты ойынға 5 команда қатысып, 9 «ә» сыныбының «Лидер» тобы жеңіс тұғырынан көрінді. Өз кезегінде Қуаныш Баймағанбетов шығармаларынан арнайы көрме қойылды. «Сырды жырлаған ақын» атты 5-7 сыныптар арасында жас ақындар айтысы жүзеге асып, үздіктер марапатталды.
