Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Үздіктер дараланды

Үздіктер дараланды

Аудан оқушылары республикалық байқауда топ жарды. №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы мектеп акт залында республикалық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды құттықтап, диплом мен төсбелгілерді табыстау үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков, білім бөлімінің әдіскері Қаракөз Қалжанова білім ордасындағы іс-шараға қатысты.

Жақында ҚР Оқу ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстанның ғажайып жауһарлары» республикалық эссе байқауын жариялаған еді. Осы сайысқа аудан оқушылары белсенді қатысты. «Мен сенемін жастарға» атты еліміздегі 100 үздік дарынды оқушылардың форумы аясында эссе байқауынан бірінші орын иеленген білім алушылар 100 үздік оқушы қатарынан көрінді.

Жүлдегерлердің 14-і – №210 мектептің оқушысы, 2-еуі – №35 мектеп-лицейінің талапты білім алушысы.

Республикалық деңгейдегі білім байқауы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, ел ертеңі дарынды оқушылардың ғылым мен білімге деген ынтасын ояту мақсатында ұйымдастырылған. Оқушылар өз ойтолғамдарына көрікті ой мен келелі көзқарастарын арқау еткен. Нәтижесінде Азиза Кеңес, Инабат Нұрланова, Гүлбану Келдібай, Абылай Әубәкіров, Нұрила Аманғали, Інжу Тобжан, Мәди Зейнуллаев, Айғаным Перметай, Адия Мұратова, Дельфуза Ерболатқызы, Инабат Мейрамбекқызы, Жауһар Алтынбек, Зере Батырханқызы, Ақерке Қалдыбекова, Әсем Кенжебекова, Зәуре Нажматова жүлделі орындармен, арнайы төсбелгімен марапатталды. Сонымен қатар оқушыларды үлкен бәйгеге қосып, талаптарын шыңдаған ұстаздары Жадыра Әкімтаева, Марал Қалымбетова, Гүлнәра Өмірзақова, Мақпал Қалымбетова, Әйгерім Мейрамбекова, Гүлнұр Кенбаева және ата-аналар арнайы «Алғыс хатқа» ие болды. Сонымен қатар киелі білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Қалымбетова «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының арнайы марапатымен және төсбелгісімен марапатталды.

– Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын. Аудан атын республикалық сайыста асқақ еткен оқушыларға, баланың бас ұстазы – ата-аналарға, ұстаздарына алғысым шексіз. Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Осындай талапты оқушылардың өсіп келе жатқанын көргенде көңілге қуаныш орнайды. Алар асуларың көп болсын! Оқуда озат болыңдар! Баршаңызға марапат құтты болсын, – деді жиынды қорытындылаған Берік Съездұлы.

Біз де озат оқушыларды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық сәттілік тілейміз. Республикалық эссе байқауының жеңімпазы атанған жас өрендердің ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін алдағы уақытта да ақтай беретініне сенім білдіреміз.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
28 қараша 2023 ж. 154 0