Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Нұрай – эссе жазудың үздігі атанды

Нұрай – эссе жазудың үздігі атанды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтаннан қуанышты хабар келді.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласындағы идеяларды жүзеге асыру аясында және атақты археолог, ғалым Кемел Ақышевтың 95 жылдығына, бірегей археологиялық ескерткіштің ашылғанына 50 жыл және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойы аясында өткен "Алтын адам - Қазақстанның символы" республикалық эссе байқауының аудандық, облыстық кезеңдеріне қатысқан Ә.Тәжібаев атындағы N36 мектеп-лицейдің 9 "А" сынып оқушысы Нұрай Асылбекованың еркін тақырыптағы эссе жұмысы үздік деп танылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық кезеңде Нұрай ІІІ орын иеленіп, арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Нұрайдың жетекшісі мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Роза Есбаева арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Марапаттау салтанаты Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтті.
"ТТ" ақпарат
13 желтоқсан 2019 ж. 859 0