Өзіңді АИТВ/ЖИТС-тен қорға!

АИТВ жұқтырғандардың барлығыда вирусқа қарсы ем алуда, бірақ осы уақытқа дейін ағзаны толық вирустан тазартатын дәрілер табылған жоқ. Қолданыстағы дәрілер тек вирустың өсуін тежейді, науқастың жағдайының жақсаруына, қоғамда толыққанды жұмыс істеуге немесе оқуға мүмкіндік береді. Вирустың өзгерістерге жиі ұшырауына байланысты,бұл індетке қарсы егетін вакцинада шығарылған жоқ. Сондықтан, жастар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі формада іс –шаралар өткізе отырып, оларға жұғу жолдарын, сақтану шараларын, салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпарат берілуде, яғни АИТВ туралы ақпатарттандыру деңгейін көтеру – қазіргі таңдағы алдын алу шараларының ең негізгісі әрі тиімдісі болып тұр. Дертпен күресу бір медицина қызметкерлерінің күші жетпейтіндігі айқын.
АИТВ мәселесі адамзаттың бәріне қатысты. Вирус әлеуметтік санатты, жынысты, қала мен ауыл деп таңдамайды және өмірдің әр түрлі жағдайында кез келген адамның бойына түсуі мүмкін. Қоғамның әрбір саналы мүшесі өз жанұясына, достарына жауапкершілікті болуды түсіну арқылы бұл эпидемияны азайту, әрі қарай тоқтату мүмкіндік болмақ.
А.ОРАЗБАЕВА,
Сырдария ауданындағы психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері
Сырдария ауданындағы психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері