Бүгін - кемсітушілікпен күрес күні
Жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен Бағдарламасы – ЮНЭЙДС бастамасы шеңберінде 1 наурызда "Кемсітушілік жоқ" күні болып аталып өтілетін, деп хабарлайды baq.kz
Биыл бұл датаны "Кемсітушілікпен күрес күні" деп белгілеп отыр. Бұл атаулы күн АИТВ немесе денсаулық сақтау салаларымен ғана шектелмейді, яғни қоғамдағы жеке басты кемсітуге байланысты барлық проблемаларға назар аударуға мүмкіндік береді.
Кемсітушілікпен күресу – бұл АИТВ мен ЖИТС-тың алдын алуға байланысты тиімді профилактика мен медициналық күтімді іске асыру жолындағы тиімді жолы. Кемсітушілікке душар болу қорқынышы адамдардың АИТВ-ахуалын жасырып, оны ашық айтудан жасқандырады. Сондай-ақ қоғамдағы гендірлік теңсіздік әйелдер мен қыздар үшін де өз әсерін тигізіп келеді. Сол себепті де биылғы жылы әйелдер мен қыздар арасындағы кемсітушілікке көбірек мән беріліп көптеген іс шаралар жоспарлануда. Яғни "Пекин-25" конференциясы мен наурыз айында әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссия отырысынан бастап және қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында жоғарғы деңгейдегі кездесу өтеді.
Осындай айтулы күндер арқылы әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілікке негізделген АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің қоғамда өзгелермен тең құқылы екендігіне бағыттау, саяси ерік қалыптастыру.
Айтар болсақ АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер, қыздарға қатысты стигматизациялау (тікелей аудармасы - таңба салу) мен кемсітушілік айғақтарын жою өте қиын. Әлемде бұл проблемадан толығымен құтылған ел жоқ деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясына осалдылыққа әсер ететін және медициналық қызметтерге әйелдер ғана емес, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қолжетімділігіне кедергі болатын факторларды жоюға арналған шараларды қабылдайды.
Кемсітушлікті жою ұғымына халықты аурулар туралы, алдын алу шаралары мен берілу жолдары туралы ақпараттандыру жатады. Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығында да ашық есік күні ұйымдастырылады.
Айта кету керек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш анықталған күннен бүгінге дейін, өсу үрдісімен алғанда 1728 адам АИТВ мен тіркелген болса оның 657-сі әйелдер мен қыздар.