Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Озат сауыншы, асыл ана

Озат сауыншы, асыл ана

Әлемдегі бар жақсылық күннің жылуынан, ананың ақ сүті мен ақ тілеуінен, өлшеусіз еңбегінен, қамқорлығынан бастау алып, тарайды. Бұл – айнымас ақиқат.

Елді ел етіп, отбасыны ұйыстырушы да, батырлық пен даналықтың да қорығы – әйел. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-аналар туралы сөз қозғағанда қазақтың дана, батыр әйелдерін тізбектеп тауысу мүмкін емес. Ондай игі жақсылар өзіміздің ортамызда, ауданымызда да жетіп артарлық. Ауданмен көршілес Асқар Тоқмағамбетов атын иеленген ауылдық округтің тумасы Сәуле Өмірзақова апамыз туралы сөз қозғағанда, осындай әдемі орам ойымызға оралды да тұрды.

Талай жыл еңбек көркін қыздырып, даналығымен тұтас әулетті ұйытқан, алтын құрсақты ананың еңбегі еленіп, биыл ауданның Құрметті азаматы атағына лайық деп танылды. Ұрпағына үлгі болып, тек адалдыққа, түзу тәрбиеге үйреткен абзал ананың саналы ғұмырын зерделеп, мақаламызға арқау еттік.

Сәуле апамыз – 1947 жылдың тумасы. Алдымен жеті сыныптық мектепті, кейін оныншыны бітірген жанның еңбек жолы ерте жастан басталған. Ол кездері көбіне жағдай солай еді. Осы орайда мектеп бітіре сала мал фермасына көмекші сауыншы болып жұмысқа қабылданған Сәуле апамыз кейін коммунистік партия қатарына алынып, еңбектің көркін қыздырады. Сол жылдары ауыл азаматы Бәйділдә Өмірзақовпен шаңырақ көтеріп, бірі сауыншы, бірі бақташы қарапайым жандар ауыл экономикасын дамыту жолында бірлесе еңбек етеді. Жеті құрсақ көтеріп, еңбекші отбасында тәрбиеленген балалардың барлығы бүгінде үлкен өмірге қанат қаққан. Мақаламызды жазу барысында біз үлгілі отбасының өнерлі қызы Индирамен тілдестік.

– Анамыз бен әкеміз бізді жастайымыздан еңбекке баулыды. «Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақтың мақалы мен мәтелін құлағымызға құйып өсірді. Қазақтың даналығына сүйеніп, әр сөздің мәнін, мағынасын астарлап, түсіндіріп, көпшіл, еңбекқор болуды үйретті. Бір әулеттің жеті баласы бәріміз жастайымыздан атқа мініп, мал бағып, сиыр сауып, құрт қайнатып, айран пісіп, еңбекпен ысылып өстік. Одан кем болған жоқпыз. Бүгінде жетеуіміз жеті түрлі отбасының негізін қаладық. Тіпті өзіміздің немерелеріміз бар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген, үлкен шаңыраққа жиналып, бас қосқанда, анамызға еркелейміз. Ата-анамыздың берген тәрбиесі ешқашан бізді жерге қаратқан емес. «Қиыншылықтан қорықпай, Отанға адал қызмет ет», «Ешкімнің ала жібін аттама, ұрлық жасама, өтірік айтпа» деген өсиет-өнеге құлағымызға сіңгені сондай, қазір өзімізден кейінгі буынға да осы тәрбиені беріп, өзіміз бойымызға сіңірген қасиеттерді кейінгілерден талап етіп отырамыз, – дейді әулеттің ортаншы қызы Индира Бәйділдәқызы.

Сәуле апаның ұлдары Жұмаділдә мен Уәлихан, кішісі Асылхан – әкенің тәлімімен, ананың ақ сүтімен адалдықты ту еткен жандар. Келіндері Гүлнәр, Қалдыгүл, Эльмира да – текті әулеттің тумалары. Ал шаңырақтың шаттығын еселеген қыздары Роза, Эльмира, Индира, Мирамкүл Болат, Ербол, Нұрлан, Талғат есімді күйеу балаларымен көңіл жарастырып, өріс кеңейткен. Шаңырақтың тірегі Бәйділдә ағамыз 2003 жылы дүниеден озған. Сәуле апамыз бүгінде 3 ұл мен 4 қыздан тараған 22 немере-жиеннен, 21 шөбере мен жиеншар сүйіп отырған бақытты әже. Көпбалалы алтын құрсақты ана 2010 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Алтын алқа» иегері атанғанын да айта кетуіміз орынды. Отбасы мен қоғамды қатар алып жүріп, ұрпағының қызығына бөленген зейнеткердің кеудесінде «Еңбек Қызыл Ту», «Еңбек ардагері», «Сырдария ауданының 90 жылдығы» мерекелік медальдері жарқырайды. Сондай-ақ, «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері» құрметті атағы да бар. Сәуле Өмірзақованың суреті аудандағы Еңбек Даңқы музейіндегі үлкен «Суреттер композициясында» орналасқан. Ауданның дамуы мен қарыштауына күш салған тұлғалар мен Еңбек Ері, қоғам қайраткерлерінің суреттері топтастырылған бұл композиция кең залдың кіре берісінде орналасып, келушілердің назарын бірден өзіне аударады. Еңбек ардагерінің ауданның 95 жылдық мерейтойында «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атанғанын да айта кету орынды.

Айтпақшы, Сәуле Өмірзақованың қызы Индира сұхбат барысында «Нағашыларымыз Бегілік Өкшебаев әкемізден тараған. Анам сегіз ағайынды. Әншілік, ақындық өнер нағашыларымнан тараған» деп, өзінің мәдениет саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келе жатқанын айтып қалды. Сондай-ақ, аудандық, облыстық байқауларда топ жарып, сазды үнімен көпшілікті тәнті етіп, аудан абыройын асқақтатып жүрген Абылайхан Бәйділдаев та – осы әулеттің тумасы. Бүгінде Асқар Тоқмағамбетов ауылдық клуб үйінде көркемдік жетекші қызметін абыроймен атқарып жүрген өнерпаз жайлы бұған дейін аудандық газетте бірнеше мақала да жарияланған еді.

«Еліміздің егемендігі еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, бейбіт өмір, ашық аспан астында ұрпағымыз бақытты өмір сүрсін» деп батасын берді бүгінде жетпістің желкенін керіп, сексенді алқымдаған ардақты ана. Өмірі адал еңбекпен өріліп, ұрпағымен мың жасап отырған аяулы жанның батасына «Әумин» деп, жақсы жолы кейінгі ұрпаққа жұғысты болсын» деп қорытындылағымыз келеді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
18 қараша 2023 ж. 404 1

Trina от 18 мамыр 2025 15:47
Paragraph writing is also a excitement, if you know then you can write or else it is difficult to write. casino en ligne fiable I always emailed this website post page to all my contacts, since if like to read it after that my links will too. casino en ligne Hey! This is kind of off topic but I need some help from an established blog. Is it very hard to set up your own blog? I'm not very techincal but I can figure things out pretty quick. I'm thinking about making my own but I'm not sure where to begin. Do you have any points or suggestions? Many thanks casino en ligne I got this site from my buddy who informed me on the topic of this web site and at the moment this time I am visiting this web page and reading very informative articles or reviews at this place. casino en ligne Write more, thats all I have to say. Literally, it seems as though you relied on the video to make your point. You clearly know what youre talking about, why waste your intelligence on just posting videos to your blog when you could be giving us something informative to read? casino en ligne I am curious to find out what blog platform you have been working with? I'm experiencing some small security problems with my latest website and I'd like to find something more risk-free. Do you have any recommendations? casino en ligne magnificent points altogether, you just gained a new reader. What might you recommend in regards to your put up that you simply made some days in the past? Any sure? casino en ligne Amazing! Its in fact remarkable piece of writing, I have got much clear idea about from this post. casino en ligne Superb site you have here but I was curious about if you knew of any user discussion forums that cover the same topics talked about in this article? I'd really love to be a part of online community where I can get suggestions from other knowledgeable individuals that share the same interest. If you have any recommendations, please let me know. Appreciate it! casino en ligne France Every weekend i used to go to see this website, because i want enjoyment, for the reason that this this web page conations actually pleasant funny data too. casino en ligne France