Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімді өрендердің бәсекесі

Білімді өрендердің бәсекесі

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі мен №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей інде 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 180 оқушы қатысып, 80 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Білімді өрендердің бәсекесін жыл сайын аудан оқушылары асыға күтіп, өз бақтарын сынайды.

Оқушыларға зор шабыт пен ізденіс сыйлайтын білім бәсекесін ұйым­дастырушылардың айтуынша, әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстарының теориялық, эксперименттік, ойлап шығарушылық негіздері басшылыққа алын­ған. Сондай-ақ белгілі бір тақырыптың маңыздылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, артықшылықтарына ерекше мән берілген.

Нәтижесінде 2-4 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті секция­­сы бойынша І орынды №129 мектеп-лицейінің оқушысы Бегімсұлу Зұлфыһар жеңіп алыпты. Ал орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша ІІ орын №135 орта мектебінің оқушысы Нұрислам Қожабайға бұйырған. Ағылшын тілі секциясы бойынша ІІІ орынмен №130 орта мектебінің оқушысы Еңлік Берікқызы мен №132 орта мектебінің оқушысы Аруна Әмірбек марапатталған.

Оқушылар арасындағы ең қызықты да тартысты бәсеке математика және қолданбалы математика секциясы бойынша өрбіген. Бұл жолы І орынды өзгелерден оқ бойы озық болған №130 орта мектебі нің оқушысы Қайырбай Ақмаржан иеленді. ІІ орынды да ақжармалық Бейбарыс Әскербекұлы жеңіп алды. Сәйкесінше ІІІ орын №129 мектеп-лицейінің оқушысы Жәнібек Ақбергенов пен №37 мектеп-лицейінің оқушысы Әбунасыр Сәрсенбайға берілді.

Соңғы жылдары оқушылар мен мұға­лімдердің химия, биология секциясы бойынша өтетін бәсекеге дайындығының са­палық мазмұны артуда. Биыл болашақта осы саланың маманы болуды армандайтын оқушылар тыңғылықты дайындалыпты. Соның негізінде І орынды №42 мектеп-лицейінің оқушысы Айару Сейілхан иемденді. Ал ІІ орын тұғырынан №35 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрқасым Айтқали, №147 орта мектебінің оқушысы Жазира Аманжолова және №42 мектеп-лицейінің оқушысы Ақбота Нұрхан көрінді. Ал ІІІ орынды №126 орта мектебінің оқу­шысы Жанель Ақылбекқызы, №139 орта мектебінің оқушысы Алихан Сейілхан мен №36 мектеп-лицейінің оқушысы Айару Балтас жеңіп алды.

Медицина, психология, экология секциясы бойынша І орын №36 мектеп-лицей оқушылары Сабыржан Мұхтарұлы мен Рая­­на Серікболоваға бұйырса, ІІ орынды №42 мектеп-лицей оқушысы Сая Нүркенқызы мен №36 мектеп-лицей оқушысы Расул Қадырқұлов иеленді. Бұл секция бойынша ІІІ орын төртеу болды. Төрт бірдей орын №137 орта мектебінің оқушылары Айару Сайлау, Аруназ Сайлауға, №130 орта мектебінің оқушысы Нұрислам Айдосұлына, №139 орта мектебінің оқушысы Қобыланды Қалдыбекке және №130 орта мектебінің оқушысы Жангелді Жеңісбекұлына берілді.

– Білім бәсекесі ашық, әділ өт­кізілді. Білікті мамандардан құралған ба­ға­лаушылар әрбір бағыт бойынша зерт­­теу жұмыстарының теориялық, экс­­пе­­рименттік, ойлап шығарушылық не­­гіз­­­деріне ерекше мән берді. Сондай-ақ оқушы зерттеген тақырыптың маң­ыз­дылығы, бо­­ла­­шақтағы тиімділігі де басты назарда болды. Алдағы уақытта да осы тектес білім байқаулары мен ғылыми жобалар жарыстары өткізілетін болады. Жалпы ал­­ғанда оқушылардың ынтасы, байқауға қатысуға қызығушылығы жоғары болды, – дейді аудандық білім бөлімінің мамандары.

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде физика, космос секциясы бойынша ІІІ орынды №37 мектеп-лицей оқушысы Айару Нұртасқызы иеленді. Ал информатика, робототехника, STEM инженерия секциясы бойынша І орынды №130 орта мектебінің оқушысы Шыңғысхан Әбілқасым жеңіп алды. №37 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрлыхан Болатбек ІІ орын алса, №210 орта мектебінің оқушысы Мадияр Ибрай ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Тарих, өлкетану бағыттары бойынша оқушылар туған өлкенің тарихы мен тарихи орындары туралы көп ізденіпті. Білім бөлімінің ресми жариялаған мәліметіне сүйенсек, тарих, өлкетану секциясы бойынша ІІ орынға №129 мектеп-лицей оқушысы А.Құдайберген лайықты деп танылған. Қос бірдей ІІІ орын №130 орта мектебінің оқушысы Б.Жандосқызы мен №44 орта мектебінің оқушысы А.Дінисламоваға берілген. Сонымен қатар этномәдениеттану секциясы бойынша І орынды №174 орта мектебінің оқушысы Б.Жарылқасын еншілесе, №130 орта мектебінің оқушысы Шахмардан Аман иемденген. Бәсі биік білім бә­се­кесінің технология және өнер секция­­сы бойынша жүлделі ІІ орны №131 орта мек­­тебінің оқушысы Раяна Олжасқызына бе­рілсе, №35 мектеп-лицейінің оқушысы Асылай Қобландина ІІІ орынмен марапатталды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, зерттеу жобаларының байқауы 2-4 сынып және 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Біз алдағы газетке қалған секциялар бойынша жеңімпаз атанған оқушылар туралы жазатын боламыз.


«Тт» ақпарат
31 қазан 2023 ж. 182 0