Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесі бойынша отырыс өтті

Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселесі бойынша отырыс өтті

Бүгін партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымында аудан көлемінде жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша отырыс өтті.

Аталмыш отырысқа аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар қатысты. Отырысты аудандық партия филиалының консультанты Б.Ахметов ашып, жүргізді. Отырыс барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Е.Әбілдаев «Білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында хабарлама жасады. Ол өз сөзінде «Қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мектептерде 17 әлеуметтік педагог арнайы оқудан өтті.

Осал топтағы балалардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді.

2023 жылы 10 отбасының 24 баласы сүйемелдеуге алынып, 80-ге жуық оқушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Салааралық байланыс арқылы 3 отбасы қиын жағдайдан шығарылды» деп атап өтті.

Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Елікбаев «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет және жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу» бойынша хабарлама жасады.

Іс-шара соңында аудан педагогтары аталған мәселе бойынша өзара пікір алмасты.
27 қазан 2023 ж. 156 0