Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қоғамның өзекті мәселесіне айналған от­басындағы зорлық-зомбылық­­­­тың алдын алу, оны болдырмау – ата-ананың жа­уапкершілігіндегі мін­дет. Бүгін­де білім беру мекемелерінде ұстаздар қауымы осы мәселенің төңірегінде ата-аналармен жиі бас қосып, мәселенің мәнісін айтуда. Осы аптада Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде аудандық семинар өтті. Семинарға аудандағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар қатысып, мектеп-лицей мұ­ғалім­дерінің озық тәжіри­белерін көрді.

Семинардың ашылуында мектеп-лицей директоры Ү.Жұмабаева өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарда ба­ла­ларды қандай да болмасын қиындықтан, зор­лық-зомбылықтан қорғау үлкендердің мін­деті екенін айтты. Қиын жағдайға тап бол­ған баланың психологиясы күйзеліске ұшырап, ар­ты қайғылы жағдайға әкелетіні де жасырын емес. Ал өмірдің теперішіне түскен баланы қорғау өзектілігін жойған жоқ.

Іс-шара барысында мектеп-лицей ұстаз­дары Г.Әділбекова «Қатыгездік – қоғам қа­сіреті» тақырыбында тәрбие сағатын, мектеп-лицей психологы Н.Сайфудинова «Отбасым – бақыт мекенім» атты ата-аналармен психо­логиялық тренинг, Қ.Сәдуова «Отбасы және мектеп: зорлық-зомбылықсыз бала­лық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын, Г.Ерғалиева «Бала тәрбиесі – ортақ міндет» атты коучинг, мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогы А.Каж­денбекова әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан оқушылармен жұмыс жүргізу құжаттамасы бойынша шеберлік сағатын, М.Сейдікәрімова мен Л.Ауминова оқушылардың қатысуымен дебат өткізді. Биыл іске асқан «Мектеп театры» жобасы негізінде М.Есқалиеваның жетекшілігімен шағын қойы­лым көрсетілді. Қойылымда оқушылар мектепте орын алатын келеңсіз жағдайлар кө­рініс тапты. Яғни, кішілерге әлімжеттік жасау, ақша бопсалау, күш көрсету, ұрып-соғу т.б. өмірдің шынайы көрініс­тері сахналанды. Кім-кімді болса да бей-жай қалдырмайтын қойылымда оқушылар өз рөлін шынайы сомдап, жасөспірімдер арасында орын алатын зорлық-зомбылықтың соңы неге әкелетіндігін көрсетті.

Мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жө­ніндегі орынбасары Ж.Тұрлыбекова семинарды қорытындылау мақсатында «Ашық алаң» ұйымдастырды.

«Ашық алаңда» аудандық полиция бөлі­мінің ювеналды полиция тобының инс­пек­торы, полиция капитаны А.Нұрымбетова,  ау­­дандық психоәлеуметтік кеңес беру каби­нетінің дәрігері А.Оразбаева жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында мұғалімдердің ата-анамен байланысты күшейту және оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын жандандыру қажеттігін тілге тиек етті. Елімізде балалар арасында орын алған оқыс оқиғалардан мысал келтіріп, әрбір ата-ана баласының мезгілсіз уақытта көшеде жүр­­­меуін және әлеуметтік желі құрсауына түспеуін қадағалау керектігін атап көрсетті.

Семинарды қорытындылаған аудандық бі­лім бөлімінің әдіскері Ғ.Бақтиярова ұйымдас­тырушы ұстаздар қауымына алғысын біл­діріп, белсенді қатысушылар білім бөлімі бас­шы­сының «Алғыс хатымен» марапаттала­тынын айтты. Мектеп-лицей директоры Ү.Жұ­мабаева кері байланыс орнату мақсатында қа­тысушылардың пікірі маңызды екенін және алдағы уақытта тәрбие жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында барлық пікір ескерілетінін жеткізді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
27 қараша 2021 ж. 932 0