Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бизнес субъектілері комплаенс қызметін енгізуде

Бизнес субъектілері комплаенс қызметін енгізуде

Антикор орталығы алаңында жергілікті Департамент өңірде жол құрылысы саласында қызмет атқаратын «МД-Стройгрупп», «Дорстрой» ЖШС-ларымен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды.

Аталған серіктестіктер халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында құрылысты, реконструкциялауды, жөндеуді және пайдалануды жүзеге асырады.

«МД-Строй групп» ЖШС өңірімізде 50-ге жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін серіктестік болса, «Дорстрой» ЖШС-і қазіргі таңда 150 жұмысшылардан құрылған кәсіпкерлік субъектісі.

Компания директорларының өтініші негізінде заманауи талаптарды жүзеге асыру мақсатында аталған серіктестіктердің штаттық кестесінде комплаенс-қызметі құрылды.

Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін ұйымдастыруға және жұмысын қадағалауға міндеттелген.

Кездесу барысында өңірлік Антикормен аталған кәсіпкерлерге «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары туралы ақпарат беріліп, компаниялардың осы жобаларға да белсенді қатыса алатыны айтылды.

Қазіргі таңда кәсіптік субъектілерінде комплаенс қызметтерін енгізу ауқымды  жүргізілуде.

Бұл кез-келген бизнеске мемлекеттік органдар мен контрагенттердің негізсіз талаптарын, сондай-ақ шығындарды, төлемдерді, салықтық және басқа да ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін қажет.
06 қазан 2023 ж. 175 0