Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы тіркелді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда COVID-19 вирусының «Эрис» деп аталатын жаңа штамы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда ай сайын коронавирусқа генетикалық зерттеулер жүргізілетінін хабарлады.

«Елге жаңа штамның кірген-кірмегенін білуіміз керек. Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанда «Эрис» деп аталатын «Омикронның» жаңа штамы анықталды», деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, қазір әлемде «Омикронның» жаңа штаммдары тіркеліп жатыр.

«Қандай штамм болса да, коронавирустық инфекцияның клиникалық көрінісі бірте-бірте өзгеріп келеді. Сырқаттану кезеңі қысқарды, науқастардың жағдайы аурлығы бойынша орташа немесе жеңіл болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-дан тек 35 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Бұл қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар», деп түсіндірді Ажар Ғиният.

Фото: massaget.kz
05 қазан 2023 ж. 436 0