Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр - ДСМ

Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр - ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылша дертінің көбейіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

"Қазір балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайды. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден (Түркия, Ресей Федерациясы) келгендер мен туристерден анықталды. Осылайша, балалар ауруды жұқтырып, ауыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды. Оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. 

Сонымен қатар, министр эпидемия басталмағанын, мектептерде карантиннің енгізілуін күтудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Қазақстан бойынша ауру жұқтырудың 100 дерегі тіркелді. Әзірше, эпидемия басталған жоқ", - деді Ажар Ғиният.
09 сәуір 2023 ж. 510 0