Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Дау мұраты – бітім

Дау мұраты – бітім

Ұлы бабаларымыздың басты ұстанымына айналған «Дау мұраты - бітім» қағидасы бүгінгі заң талабына сәйкес қаралуда.

Мысалы, дауды реттеудің соттан тыс тәсілдерінің бірі-медиация. Оны дамыту үшін елімізде «Медиация туралы» заң қабылданып, Азаматтық процестік құқық жаңартылды.

Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Мәселен, істердің жеке санаттары бойынша дауларды сотқа дейін реттеудің басты артықшылығы - тараптар өз дауларын қысқа мерзім ішінде, материалдық және моральдық аз шығынмен тиімді шешеді. Олар өз шарттарында дауды сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін қарастырып және бір іс шегінде бірқатар мәселені шешу мүмкіндігіне ие. Әсіресе, мұра туралы ағайындардың арасында, көршілер қарым-қатынасы мен неке сонымен қатар, қарыз ақша қайтару дауларды қарау кезінде сонымен қатар, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерде оң ықпал етеді.

Бүгінде медиация, татуластыру институттарының аясы кеңейді. Судьялар тараптарға қолданыстағы заң талаптарын, бітімгершілік рәсімдерін  жан-жақты түсіндіреді. Тараптардың бірі дауды тек сотпен шешкісі келсе, енді бірі сот медиациясына немесе медиаторлар көмегіне жүгінуді қалайды. Кейбірі дауды партисипативтік тәсілмен, яғни, адвокаттар арқылы шешкен де оңтайлы.

Бұл ретте, соттарда олардың кез келген шешімі құрметтеліп, талап-тілектері қолдануда.Талап қоюдан бас тарту, татуласу немесе дауды медиация, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім арызды қараусыз қалдыру кезіндегі сот шығыстарын бөлу мәселелері қарастырылған. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді.  Сондай-ақ, тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу немесе дауды медиация, партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылады.

Бұл, әрине, қазіргі  нарық  дағдарыс кезеңінде, қарапайым халықтың қалтасына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, дау болған кезде ашуға салынбай, ақылға ерік беріп, сөзге тоқтап, мәселені байыппен шешуге тырысайық.



Ж.Б.СЫРҒАБАЕВА,
Сырдария аудандық сотының бас
маман-сот отырысының хатшысы
Фото: ашық дереккөзден
05 қазан 2023 ж. 157 0