Кейбір дәрілер көлік жүргізу құқығынан айырады

Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институты мамандарының айтуынша, адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы әбден мүмкін. Мұндай жағдай жиі кездеседі екен. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.
Дарья СКУРИХИНА,АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Әрине дәрілердің құрамындағы Кодеин, Фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді. Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар.
Осындай даулы мәселеде бірден зертханалық сараптама жасатқан жөн,- дейді мамандар. Алайда, адам ағзасындағы зиянды заттардың мөлшері сағат сайын азаятындықтан зертханалық сараптама уақыты да шектеулі. Ал, көлік тізгіндеген азаматтардың көбі тек тыныштандыруға арналған дәрілік заттардан ғана хабардар екен.
Мұндай даулы мәселеден аулық болу үшін бірінші кезекте дәрілердің құрамын қарау керек, дейді мамандар. Өйткені, аталған зиянды заттар дәрілердің барлығында бірдей бола бермейді екен.