Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағам өндірісіндегі зиянды қоспалар

Тағам өндірісіндегі зиянды қоспалар

Қоспалар тағам өндірісіне енбестен бұрын бірнеше мәрте зерттеу тәжірибесінен өтеді. Тек адам ағзасына айтарлықтай зиян тигізбейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі. Десе де, мыңдаған зерттеу арқылы расталса да, денсаулыққа зиянын тигізбей қоймайды.

1. Натрий нитриті:
Е250 тағамдық қоспасы – тотықсыздандырғыш ретінде азот қышқылы деп аталатын тұз. Ол ет өнімдерінің алқызыл түсін сақтап қалу үшін қолданылады. Натрий нитритінің пайдасы – ботулизм қоздырушыларын өлтіретін антибактериялық қасиетке ие.

Егер натрий нитритін белгілі мөлшерден көп қолдансаңыз, ол ағзаға пайдасынан гөрі зиянын тигізеді: өйткені, улы. 65 килограмм адам үшін өлімге алып келетін мөлшер 4,6 г.  Тағам өндірісінде 1 кг өнім үшін 50 миллиграмнан аз натрий нитриті қолданылады.

Одан бөлек, натрий нитритінің тағы бір жағымсыз тұсы – оның  канцерогенділігі. Яғни, азот қышықылының тұзы ет құрамындағы аминқышқылдарымен реакцияға түседі де, нәтижесінде нитрозамин пайда болады. Олар денедегі рак жасушаларын оятып, онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.  Өндірісте нитрозаминдердің туындауына жол бермеу үшін аскорбин қышқылы қолданады. Сонымен қатар, натрий нитраті мен мигрень ауруының арасында байланыстың бары анықталған. Сондықтан, Е250 тағамдық қоспасы бар өнімдерді қолданғанда сақ болған жөн. 

2. Натрий нитраты
NaNO3 формулаға ие азот қышқылың натрий тұзы тағамдық қоспа ретінде E251 арқылы кодталады. Натрий нитратын шұжық, консерв пен ірімшік өндірісінде қолданады.

Бұл тағамдық қоспа өнімнің жарамдылық мерзімін арттырып, ет өнімдерінің жағымды түсін сақтайды.  Натрий нитраты мен нитриті екеуінің адам ағзасына тигізетін зияны бірдей. Барлығы нитрозаминдермен тікелей байланысты.

3. Тартразин
Е102 бояғышы өнімдерге сары түс береді. Газды сусындар, кондитерлік тағамдар мен консервіленген жемістерде қолданады. Ол адамның бойында аллергия тудыруы мүмкін.

Бірақ, зерттеу қорытынсына сүйенсек, оны қолданудың жағымсыз әсері тек 0,01% адамда ғана байқалады.

4. Күкірт диоксиді
Е220 тағамдық қоспасы жүзім шарабының кей түрі мен кептірілген жемістерді өндіру барысында қолданылады.

Бұл өнімдердің тотығуына жол бермейтін антиоксидант. Сонымен қатар, пайда болуы мүмкін саңырауқұлақтар мен бактериялармен күреседі.  Күкірт диоксиді демікпе дертіне шалдыққандар үшін қоздыру үрдісін тудыратындықтан зиянды.

5. Бензой қышқылы мен натрий бензоаты  
Е210 - бензой қышқылы мен  Е211- натрий бензоаты консерванттар қатарына жатады. Ғалымдардың зерттеуге аса мән беруіне себеп болғаны – аскорбин қыщқылымен қосындысы кезінде бензолдың түзілуі. Өйткені, бензол өте улы.

Адамның 1 кг дене салмағы үшін бензой қышқылының қауіпсіз күндізгі мөлшері – 5 миллиграмм.

6. Натрий гидросульфиті
Е222  жүзім шарабын жасау өндірісінде сусынның тотығуына тосқауыл болып, оның дәмән сақтап қалу үшін қолданады.

Концентрациясы жоғары тағамдық қоспа демікпе мен аллергия дертіне әкеледі.

7. BN қара түсті бояғышы
Е151 қара түсті бояғышын АҚШ, Бельгия, Дания, Франция, Германия, Швеция, Жапония мен Финляндия елдерінде қолдануға тыйым салынған. Өйткені, бұл бояғыш –  демікпе дертінің негізгі қоздырушысы.

massaget.kz

05 желтоқсан 2018 ж. 1 769 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 11:00
Overnight Pharmacy 4u Order cialis 40 mg Nolvadex 20mg Prix Priligy Au Canada Viagra En Farmacia

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 13:39
Instructions For Taking Amoxicillin Cialis Von Cipla buy viagra online Prescription Du Viagra Levitra Sus Efectos Secundarios Zithromax Guide