Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
Тереңөзек кент орталығында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде.
Рейд барысында полиция бөлімінің ювеналды полиция тобымен мектеп мұғалімдері дүкендер, компьютерлік клубтар мен аллеяларды аралап, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірмелік жұмыстар жүргізуде. Рейд барысында анықталған жасөспірімдерге Сырдария ауданының полиция бөлімінің мәжіліс залында жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Қ.Көшекбаев пен ювеналды полиция тобының қызметкерлері, жасөспірімдер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ата-аналар назарына, балалардың қауіпсіздігі үшін беймезгіл уақытта үйде болуын қадағалауыңызды сұраймыз!

Сырдария ауданының полиция бөлімі