Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауылда спорт кешені бой көтеруде

Ауылда спорт кешені бой көтеруде

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ауылдағы бұқаралық көпшілік спортты дамыту мақсатында Бесарық ауылдық округінде спорт кешені салынуда. Мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-і. Нысан таяуда ел игілігіне берілмек.

Ауылдық округте осындай спорт кешенінің жабық ғимараты алғаш рет бой көтеруде. Спорттық кешен заманауи қондырғылармен қамтылып, спортшылардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасалмақ. Алдағы уақытта спорт кешенінен волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған үйірмелер ашылып, халық игілігі үшін жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда, спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті тұрғындар да жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта пайдалануға берілетін бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені балалардың спортпен шұғылдануына, кәсіби деңгейде жаттығуға мүмкіндік жасайтын және тәрбие ошағы болатынына сеніммен айтқым келеді.

Бесарық ауылының тұрғыны,
Құрылыс бригадирі Жандос Жүнісбаев

02 қыркүйек 2023 ж. 136 0