Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯНЫҢ ҰЛ-ҚЫЗДАРЫ – СПОРТТЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

СЫРДАРИЯНЫҢ ҰЛ-ҚЫЗДАРЫ – СПОРТТЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Соңғы жылдары ауданның спорт саласында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан жүлделі оралуда. Сонымен бірге, бірқатар елді мекендерден жаңадан спорттық нысандар ашылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда аудан бойынша 530 денешынықтыру және спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде қазақ күресі, самбо, шағын футбол, көкпар, дзюдо, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, гандбол, шахмат, дойбы, футбол, үстел теннисі, бокс, еркін күрес, көгалдағы хоккей, таеквондо, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, гір спортына қатысушылардың саны жыл санап көбейіп келеді.
Ал, аудан бойынша оқушылар мен тұрғындарды қоса есептегенде 10 992 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда және бұл аудан халқының 28,03%-ін құрайды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 55 дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 6487 қатысушы тартылды. Кент және ауылдық деңгейде 35 жарыс өтсе, аудандық және аудандық ашық деңгейде 15 жарыс ұйымдастырылды. Сонымен бірге, облыстық және облыстық ашық деңгейде 4 жарыс, республикалық деңгейде 1 жарыс өткізілді.
Айта кету керек, былтырғы жылы Ақжарма ауылында жаңадан спорттық сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Мұнан бұрын осындай нысан Тереңөзек кентінен, Н.Ілиясов және Шаған ауылынан ашылған болатын.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
24 сәуір 2019 ж. 891 0