Қоғамдық кеңес – қоғамдық сенім бастауы
Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің құрамы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 наурыздағы №124 шешімімен бекітілді. Қоғамдық кеңестің құрамына 15 адам кірген. Оның ішінде азаматтық қоғам мүшелері мен БАҚ өкілі - 8, мемлекеттік органдардан – 4, білім беру саласынан – 1, денсаулық сақтау саласынан – 1, мәдениет және спорттан – 1 адам бар.
2022 жыл аудандық Қоғамдық кеңесінің 13 отырысы өткізіліп, 42 мәселе қаралды. Аудандағы өзекті мәселелерді назарға алған кеңес мүшелері жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсынымдар енгізіп, оның орындалуын бақылауға алынды.
Ағымдағы жылы кеңес мүшелері «Жалын» сауықтыру лагерiнде болып, лагерь қызметкерлерімен, демалушы балалармен кездесу өткiздi. Қоғамдық қеңес мүшелері аралау барысында балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Сонымен қатар, кеңес мүшелері Сырдария аудандық емханаға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына, талаптарға және денсаулық сақтау саласының проблемаларына көңіл бөлді.
Осы уақытқа дейін кеңес қоғамдық бақылау нысандарын пайдалана отырып, қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органдардың есепті кезеңдегі есептерін тыңдау, арқылы 12 отырыс өткізген болса, осы басқосуларда 38 мәселе қаралған.
Қоғамдық кеңес – қоғамның сенімі, билік пен халық арасындағы байланыстырушы диалогтық алаң, көпір.