«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несие беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы қаралып, қабылданды. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасарлары тиісті бөлім басшыларымен бірге елді мекендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түсіндірме жұмыстарына аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов бастаған аудандық мәслихат депутаттары қатысуда. Ауыл тұрғындарымен кездесулерде аталған жобаның жергілікті жерде кәсіп бастауға мол мүмкіндік беретіні, кәсіпті кеңейтуге болатыны жөнінде кеңінен насихатталуда.
«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы – ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;
Аталған жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары:
8 (72436) 21-1-37, 8 (72436) 79-1-67.
Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі
Фото: ашық дерккөзден