Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Startup Joly» бағдарламасы басталады

«Startup Joly» бағдарламасы басталады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы «Startup Joly» бағдарламасын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Кyzylorda-news.kz.

Бағдарлама аясында қатысушылар 1 ай  аралығында  кәсіпкерлік бағыты бойынша тегін білім алады.

«Startup Joly»  инкубациялық кезеңінің жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Сонымен қатар, стартап жобаларын идея сатысынан прототипке дейін жеткізіп, инвесторлар тарапынан қосымша қаржы тарту мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның мақсаты − инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату, қаржы және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыру.

Инкубациялық кезеңнің түлектеріне сертификат табысталады. Сертификат арқылы «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық  агенттігінің»  100 млн теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатыса алады.

Бағдарлама туралы www.kyzylordahub.kz сайтынан және @kyzylordahub инстаграм желісінен толық ақпарат алуыңызға болады.
07 тамыз 2023 ж. 284 0