Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді

QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді

«QazaqTV» телеарнасы ребрендинг жасап, атауы «Jibek Joly» болып өзгерді деп, хабарлайды BAQ.KZ.

Телеарнаның атауы ғана емес, хабар тарату кестесі де өзгерді. Ендігі уақытта «Jibek Joly» телеарнасын теледидар пультінің 7 санын басу арқылы көруге болады.

Бұған дейін Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енгені туралы хабарлаған едік.

Бұйрыққа сәйкес, енді міндетті телерадиоарналардың тізімі мынадай:

1. «QAZAQSTAN»
2. «Хабар»
3. «Хабар 24»
4. «BALAPAN»
5. «ABAI TV»
6. «QAZSPORT»
7. «Kazakh TV»
8. «МИР»
9. «Астана»
10. «Almaty»
11. «Евразия бірінші арнасы»
12. «КТК»
13. «31 арна»
14. «Жетінші арна»
15. «El arna»

Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастайды. Республикадан тыс жерде хабар тарату әлемнің 120-дан астам елінде жалғасады.
21 тамыз 2022 ж. 202 0