Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » КӘСІПКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ


Қармақшы аудандық «Атамекен» ҰКП филиалында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов сөз сөйлеп, курс жұмысына сәттілік тіледі.
  «Бастау Бизнес» жобасының мүмкіндігі мол. Курсты толық аяқтаған соң арнайы сертификат беріледі. Ауданда алған білімдерін облыста қорғайды. Сертификатпен қаржы мүлкіне жолданады. Сосын кепілмен несие алуға болады. Үстіміздегі жыл – облысты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. Елбасының әлеуметтік бес бастамасына сәйкес, елімізде шағын бизнеске қосымша қомақты қаржы қаралды. Бізде кәсіпкерлік саласы кенжелеп қалған. Оның басты себебі – бәсекелестік ортаның қалыптаспағанынан, – деді семинар барысында филиал директоры А.Шоқбаров.
Айта кетейік, өткен жылы аталған курсқа ауданда 107 адам оқытылса, оның 53 жобасы қаржыландырылған. Биыл 220 жұмыссыз азаматтар курстан өтеді деп жоспарлануда.
19 сәуір 2018 ж. 1 226 0