Үздік деп танылды
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында, аудан жастары арасында кәсіпкерлік сана мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында қазан айының 15-16 күндері "Kyzylorda Business Hub" облыстық стартап жобалар байқауын ұйымдастырылды.
Байқауға 16-29 жас аралығындағы жалғыз жеке тұлға ретінде және топ болып қатысқан жастар байқау ұйымдастырушылары өткізген стартап уикендке қатысты. Байқау қатысушылары өздерінің стартап-жобаларын жас кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік палатасы мамандарынан құрылған комиссия алдында қорғады. Қорғаудың қорытындысымен 3 жоба үздік деп танылып, барлығы 6 жоба жартылай финалға өтті.
70000 сертификат - "Erke-Nur" кинотеатр орталығы (Е.Сағынбайұлы-Тереңөзек кенті).
50000 сертификат - " Daryn" educational and linguistic center (Ш.Мұхтарова, Б.Әбсаттарова-Тереңөзек кенті).
30000 сертификат - "Күнбағыс" майын өндіру (Ө.Есболатов - Айдарлы ауылы).
"ТТ ақпарат"