Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар – көңілді кеште

Жастар – көңілді кеште

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұсынысымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен және ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жыршыл жүрек, арман кеуде» атты поэзия кешінің жалғасы «Ауылым - әнім» атты концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Іс-шара басталғанда поэзия әлеміне енді қадам басып келе жатқан жергілікті жас ақындар туған жер мен қыз бен жігіттің ыстық сезімін жырға қосып, көрерменнің жүрегін елжіретті.

Мұнан соң ауыл жастары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Барлық ауыл тұрғындары жастар күні аясында жақсы кеш өткенін айтып, ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, ауыл жастарының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, осындай кештер әлі де жалғасын тапса екен деген ниетін білдірді.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
04 тамыз 2023 ж. 198 0