Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариядағы жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі

Сырдариядағы жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі

Сырдария ауданында аудандық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп және туризм бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жастар бастауы - кәсіпкерлік негізі» тақырыбында жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - жас кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына және халыққа танылуына, өнім өткізуде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беру болып табылады.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев пен "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып қатысып, тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруда белсенділік танытып жүрген жастардың жұмыстарына табыс тілеп, оларды қолдау мақсатында өнімдерін сатып алды.

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудандық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары жас кәсіпкерлерге кеңестер беріп, кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәліметтер берілді.

Аталған шара барысында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған кәсіпкерлік жобалар байқауының нәтижесінде жеңімпаз атанған жастар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мұнан соң, концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


30 шілде 2023 ж. 130 0