Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әріптестік байланыс күшейтіледі

Әріптестік байланыс күшейтіледі

Кеше аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары арасында нәтижелі кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жетекшілік ететін салалар бойынша әріптестік байланысты дамытып, NEET санатындағы жастарды болдырмау мақсатында ауданның жұмыссыз жастары мен кәсіп бастауға ниетті жастарын әлеуметтендіру бойынша өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Алдағы уақытта кездесу қорытындысымен аудан жастарын кәсіпкерлік бағытына тарту бойынша жұмыстар бірлесе атқарылатын болады.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жобаларды анықтап, нәтижелі жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерге екі жақты ерекше назар аударылды.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Садуақасов кездесуді жоғары бағалап, осындай бірлескен жұмыстар белгілі бір нәтиже беретінін айтты.

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
09 ақпан 2023 ж. 195 0