Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Емхана қызметкерлерімен кездесті

Емхана қызметкерлерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық емхана қызметкерлерімен кездесіп, дәрігерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында ауданның бас дәрігері Ж.Үсенов аудандық емхана бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Аудан басшысы кездесуден кейін емхана жұмысымен танысып, күндізгі стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын білді.

Жалпы ауданда 110 төсектік аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық бекет халыққа қызмет көрсетеді. Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов пен Қалжан ахун ауылындағы фельдшерлік-акушерлік бекет күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 405 млн теңгеге Н.Ілиясов ауылында амбулатория құрылысы жүргізілмек.
13 шілде 2023 ж. 375 0