ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Кент орталығында ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері аудан халқына қызмет көрсетеді.
Аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы 728 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер, 369 орта буынды қызметкерлер қызмет атқаруда. Есепті мерзімде аудан бойынша 393 нәресте дүниеге келсе, 123 адам қайтыс болған.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Ақжарма ауылында дәрігерлік-амбулатория салынып, тамыз айының соңында пайдалануға берілді.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту болып табылады.Бүгінгі таңда мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2018 жылы облыстық бюджеттен 11,1 млн.теңге бөлінді. Жоба аясында 22 штаттық негізде Тереңөзек кенті және 13 ауылдық елді мекенде 26 спорт нұсқаушылары 4000 мыңға жуық аудан тұрғындарын спортпен шұғылдандыруда.
Елбасы Жолдауында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Ауданда 10 630 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданып, бұл көрсеткіш тұрғындардың 27,2 пайызын құрап отыр.
Ауданда 128 спорт нысандары жұмыс жасайды. Облыстық бюджеттің қаржысынан Ақжарма ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, үстіміздегі жылдың 6 айында 137 спорттық шара өтіп,13 мың 140 аудан тұрғындары тартылды.