Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағашта жаңа аурухана құрылысы басталды

Жалағашта жаңа аурухана құрылысы басталды

Kyzylorda-news.kz. Биыл Жалағаш ауданында жаңа аурухана құрылысы басталды. Жаңадан бой көтергелі тұрған құрылыстың құны 3,5 млрд теңгені құрайды.
Ауқымды жұмысты құрылыс саласындағы тәжірибелі компания – «Әбу-Сер» ЖШС қолға ылып, келесі жылы ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр. Қазіргі таңда құрылыс басындағы жұмыстар жүруде. Мұнда 90 адам еңбек етеді. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 20-сы жалағаштық тұрғындар.
Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта 2015 жылы Жалағаш кентінде 250 келушіні қабылдайтын типтік жобадағы үш қабатты емхана ғимараты бой көтерген болатын. Ол заман талабына сай медициналық құрылғылармен жабдықталған. 36 мыңға жуық жергілікті халыққа бұлардан бөлек, 4 ауылдық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік, 3 медициналық бекет қызмет көрсетеді.



04 шілде 2019 ж. 686 0