Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Бейбіт әлем»атты сурет салу байқауы өтті

«Бейбіт әлем»атты сурет салу байқауы өтті

Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейі және «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен "Бейбіт әлем" атты сурет салу байқауы өтті. Байқау ережесіне сәйкес талаптарға сай болып табылған 14 қатысушының шығармалары сараланды. Аталмыш байқауда аудандық оқушылар үйінің директоры, суретші Ә.Бәйменов, аудандық жастар орталығының директоры Н.Абдрасилов және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабеков қазылық жасап, байқау жеңімпаздарын анықтады.

Нәтижесінде, жүлделі I орынды Исмагулов Азамат, жүлделі II орынды Мүзәрапова Айзере, жүлделі III орынды Зейнуллаева Айымжан иеленіп, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ,барлық қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
07 шілде 2023 ж. 254 0