Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықтың зардабы көп

Жемқорлықтың зардабы көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресудің өзектілігі айтылып келеді. Президент өз сөзінде «Сыбайлас жемқор­лықпен тиімді күресті жалғастыру қажет» деп, қоғам дертімен күресуді үнемі ескертуде.

Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күреске жалпы мем­лекеттік мәртебе берілді. Оған қарсы кү­рес мемлекеттік саясаттың негізгі ба­сымдықтарының бірі ретінде белгі­лен­ген. Сыбайластық көріністерін болдырмау мақсатында қоғамдық-саяси күш­термен бірлесе отырып, кең ауқымды жем­қорлыққа қарсы науқан жүргізілуде.

Елімізде жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия қалыптасқан. Соған орай про­цессуалдық заңнамаға көптеген тү­зе­тулер енгізілді. Сыбайластық сипа­тындағы құқықбұзушылықтар үшін жа­­уап­­кершілік қатаңдатылды. Жемқор­лыққа қатысты құқықбұзушылық жаса­ғаны үшін жұмыстан босатылған адам­дарға мемлекеттік органдарда қандай да бір лауазымды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сондықтан осындай заңсыз әрекетке баратындар барлық артықшылықтардан мүлде айырылатынын әркез естен шығармағаны абзал.

Сыбайлас жемқорлық – дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заң­сыз әрекеттер мен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйым­дардың, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдыр­маудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бір болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің нәтижелі болуы үшін адамдардың санасында оның кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидасы тұруы тиіс. Сы­байластық сипатындағы құқықбұзушы­лықтың зардабы адамның өзіне ғана емес, ұрпағына да зардабын тигізетіні есте болсын.

Гүлжайна АЛИЕВА,
А.Тоқмағамбетов ауылдық
округі әкімі аппаратының
жетекші маманы

Фото: ашық дереккөзден
04 шілде 2023 ж. 263 0