Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі «Тіршілік тынысы» газеті ұжымын қабылдады

Аудан әкімі «Тіршілік тынысы» газеті ұжымын қабылдады

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Тіршілік тынысы» редакциясының ұжымын қабылдады.

Мерекелік қабылдауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, ақын Мұхтар Сақтапов және журналистика саласының ардагерлері мен басылым тілшілері қатысты.

– Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» деген болатын. Бүгін қалам ұстаған, сөз құдіретін түсінген жандардың ортақ мерекесі. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралы – қоғамды алға жетелеудің басты дәнекері. Осы орайда, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты дамуын, жетістіктерін насихаттауда журналистер қауымының рөлі қашан да жоғары, – аудан басшысы өз сөзінде.

Кездесуде сала ардагері, ақын Мұхтар Сақтапов басылым тарихындағы естеліктерімен бөлісіп, әріптестерін төл мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ардагер журналистер және баспасөз мамандарынa аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы құттықтау хат табыс етті.



Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 маусым 2022 ж. 244 0