Марапат төрінен көрінді

Жаңалықтың жаршысы атанған БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған аудан басшысы бітқатар қызметкерлерге құттықтау хат пен арнайы сыйлығын табыс етті.
– Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» деген болатын. Бүгін қалам ұстаған, сөз құдіретін түсінген жандардың ортақ мерекесі. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалар, рухани, мәдени көзқарастар, сыни пікірлер ақпарат құралдары арқылы елге жетіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралы – қоғамды алға жетелеудің басты дәнекері. Осы орайда, мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты дамуын, жетістіктерін насихаттауда журналистер қауымының рөлі қашан да жоғары, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Аудан журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар ақын, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Мұхтар Сақтапов, аудандық газет редакциясы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мүсілім Қалмұратұлы, редакция ардагерлері Мейрамбек Шілдебаев, Шаһарбек Нұрсейітов және аудандық газет бас редакторының орынбасары Ердос Беркінбаев, аудандық газеттің бөлім меңгерушісі Бибісара Жанәлі, тілші Балтабай Ордабеков, аудандық газет редакциясының қызметкерлері Асылбек Әкімжан мен Бағдәулет Иманғалиев марапат төрінен көрінді. Сондай-ақ аудан әкімі бұрынғы аудандық баспахананың директоры, ардагер Сергей Тоқсанбаевтың шаңырағына барып, арнайы құттықтады.
"ТТ" ақпарат