Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы
Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Еспенбетовтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңесінің отырысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Садуақасов: «Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету» туралы түсіндірме жасады. Кеңес мүшелерімен аталған шешім жобасы бір ауыздан келісіліп мақұлданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жалын» сауықтыру лагерінің басшысы М.Момбаева баяндама жасады. Кеңес мүшелері баяндамасын тыңдап, бірнеше сұрақтарын қойып, «Жалын» сауықтыру лагерінің жай күйін талқылап, бірнеше ұсыныстарын ортаға салды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Бақтияр жазғы суға шомылу маусымы бойынша баяндама жасады. Баяндамасында Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан қайғылы жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында 2023 жылғы суға шомылу маусымында аудандағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар әзірленгендігін айтты. Аудан көлемінде суға түсуге белгіленбеген 37 су айдындары нақтыланғандығы, («Суға маусымындағы қауіпсіздік ережелері», «Суға түсуге болмайды» тақырыбында) оларға 43 дана тақтайшалары (2022 жылы-36 тақтайша; Тереңөзек кенті-8, Тоқмағамбетов аулылында-1, Айдарлы ауылында-2, Іңкәрдария ауылы-2, Шіркейлі ауылы-1, С. Сейфуллин ауылы-2, Қоғалыкөл ауылы-2, Шаған ауылы-4, Жетікөл ауылы-4, Бесарық ауылы-4, Ақжарма – 1, Н. Ілиясов-5) мен 11 дана билбордтар (2022 жылы-8 билборд) орнатылғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығымен 2023 жылғы 30 мамырда Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 2023 жылғы суға шомылу маусымында аудан аумағындағы су айдындарына жүргізілетін (15:00-21:00 ге дейін) үгіт-насихат жұмыстары бойынша кезекшілік кестесі бекітіліп, қазіргі таңда кезекшілік кестесіне сәйкес Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, аудан көлемінде орналасқан су айдындарына 10 рет рейд жұмыстары және 1 брифинг ұйымдастырылған. Рейд барысында 78 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін (31 ересек, 47 балалар) айтты.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша Інкәрдария, Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық округі әкімдерінің есебі тыңдалды. Кеңес мүшелерімен ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы талқыланды. Кеңес мүшелері ауылдық округі әкімдерінің баяндамаларын назарға алып, бірнеше ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор менгерішісі Бағлан Мейрамбекұлы жайылымдық жерлер мен жер мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жасады.