Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Келелі мәселелер қаралды

Келелі мәселелер қаралды

2021 жылдың 29 қаңтар күні аудандық өлкетану музейінде Қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.

Күн тәртібінде ең алғашқы болып бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды орналастыру мәселесі қаралды. Баяндамашылар №210 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Төреханқызы мен «Жалын» тынығу лагерінің директоры Миримхан Жұмаханқызы «қарауыл» қызметіне өтініш берген азаматтарды таныстырып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан жұмысқа қабылдауға ұсыныс берілді.
Қоғамдық кеңес отырысында қаралған екінші мәселе Сырдария ауданы әкімдігінің «Сырдария ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулының жоспарымен аудандық экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалым Акбаров таныс­тырып өтті. Сонымен қатар, хабарламашы «2021-2025 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасы туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы» Сырдария ауданының әкімдігінің қаулысының жобасымен және де Сырдария аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №468 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімнің жобасы туралы» Сырдария ауданы әкімдігі қаулысының жобасын ұсынған болатын.

Қоғамдық кеңес барысында аталған мәселелер қаралып, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.

Жұлдызай АНШАЕВА 

06 ақпан 2021 ж. 552 0