Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Бірінші мәселе «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешімінің жобасы және екінші мәселе «Сырдария ауданының ауылдық елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешімінің жобасы туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы хабарлама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Оразбеков қалған дариядағы қауіпсіздік дамбасының маңайындағы жердің қоршалуының заңдылыққа сәйкестігін сұрады. Б.Мейрамбекұлы бұл мәселені зерттеп, жауап беретінін айтты.
Үшінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Байкенов «Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігі қаулысының жобасы туралы» хабарлама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Оразбеков осы таңда тұрғындардың 70 пайызына шамасында жеке кәріз жүйесі бар екенін, оларға ауданда бірнеше автокөліктердің қызмет көрсететінін, қалдық суларды төгуге байланысты қатаң бақылау жасап, заңдастыру қажеттілігін айтты. Қоршаған ортаны ластамау мақсатында кенттегі жеке үйлердің орталық кәріз жүйесіне қосылуының маңызына тоқталды. Кезең кезеңімен кент көшелерін орталық кәріз жүйесіне қосуға жоба сметалық құжаттама жасату үшін қаржы қарастыруға аудан әкімдігінен сұрауды ұсынды.
Кеңес отырысы айтылған ұсыныс-пікірлерді ескріп, қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдады.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі