Тынығушылар І ауысымды қорытындылады

Көңілді маусымның алғашқы ауысымында тыныққан балғындарға аудандық мәслихат депутаты, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар тілегін жеткізді.
– Бүгін біз жазғы демалысқа шығып, бос уақытын тынығуға арнаған мектеп оқушыларымен жүздесіп отырмыз. Қашанда елдің болашағы – өскелең ұрпақ екенін жақсы білеміз. Тынығу маусымында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жақсы жолға қойылды. Өз кезегінде балалар үшін әрбір күннің маңыздылығы жоғары. Кез келген іс-шарадан өзіне керекті мол-мағлұмат ала білгені жақсы. Бұл ретте, «Жалын» сауықтыру лагерінің ұжымының жұмысына толағай табыс тілеймін, – деді аудандық мәслихат депутаты.
Аталмыш іс-шара барысында тынығушылар арасында үздік нәтиже көрсеткен балалар марапатталды. Сонымен бірге «Үздік топ», «Үздік тынығушы», секілді оқушыларға бірнеше номинация берілді. Лагерь туы түсіріліп, топ басшылары ант берген кеште тынығушылар шад-шадыман көңіл-күйде тарқасты.
Аружан Амантай,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының
3 курс студенті