Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар жазы көңілді

Балалар жазы көңілді

Маусым айының алғашқы онкүндігін­де аудан орталығындағы «Жалын» са­уық­­ты­ру лагерінің алғашқы ауысымы аяқ­­талды. Бірінші ауысымда ауданда оқу­­шыларды білім нәрімен сусынданды­рып жүрген ұстаздар балаларының ты­ны­­ғуы­на мүм­кіндік жасалды.

Жазғы лагерьдің бірінші ауысымында демалған балаларды аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков пен ау­дандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Алмас Есназар құттықтап, олар үшін жаз мезгілі ерекше көңілде басталғанын тілге тиек етті. Ауданның бас ұстазы жазғы мау­сымда сырдариялық балалардың тынығуына мол мүмкіндік жасалып жатқанын, соның алғашқысын бірінші ауысымда ты­ныққан балалар көргенін атап өтті. Әр ауылдан келген оқу­шылар осы кезең барысында түрлі бағыттағы іс-шалараға бел­сенді қатысқанын жеткізді. Жасөспірімдердің тынығу ла­ге­рінде демалуына еңбек етіп жүрген «Жалын» сауықтыру ла­герінің ұжымына, тәрбиешілерге ризашылығын білдірді.
Құттықтау сөзден кейін құрметті меймандар алғашқы аусымда өткізілген іс-шараларда өз білімдерін, өнерлерін көр­сеткен оқушыларды марапаттады. Сонымен қатар әрбір топқа арнайы номинациялар бойынша диплом және сый­лық­тар табыс етті.
Бірінші ауысымның қорытындылануына орай оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ән айтып, би билеп, қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мұнан соң алғашқы ауысым бо­йынша лагерь туы төмен түсірілді және балалар арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
– Мен үшін бұл жаз өте көңілді басталды. 1 маусымнан бас­тап «Жалын» сауықтыру лагерінде тынықтым. Бұл жерде мен жаңа достар таптым. Көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып, баршамыз белсене қатыстық, – дейді «Лагерь жұлдызы-2022» номинациясымен марапатталған ша­ған­дық оқушы Ақерке Мүсілімова.




Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
11 маусым 2022 ж. 271 0