Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балабақшаға тарту жасады

Балабақшаға тарту жасады

Балаларды қорғау күнінде аудандағы жомарт азаматтар «Бар жақсылық балаларға» деп түр­лі сый жасап, қуанышқа бөледі. Сондай жанашыр азаматтардың қа­тарында «Емжар» шаруа қожалығының төрағасы Асылбек Емжар бар.

Балғындар мерекесінде А.Ем­жар еңбек ардагері Б.Әмірбековпен бірге Тереңөзек кентіндегі «Айгө­лек» балабақшасына барып, арна­йы сыйлықты тапсырды.

– Балабақшада тәрбиеленіп жат­­қан бүлдіршіндер – біздің бо­ла­шағымыз. Олар осы жерден жақ­сы тәрбие алуы тиіс. Ол үшін ба­лабақшада барлық жағдай болуы қажет. Оған біз секілді азаматтар да атсалысуы тиіс деп есеп­теймін. Сондықтан балалардың ме­ре­ке­сінде оларды қуантып, арнайы сыйы­­мызды тапсыруды жөн көр­дік. Балабақшада тәрбие алған бүл­діршіндер ел үшін еңбек ететін азамат пен азаматшалар болып өссін, – деді шаруа қожалық төрағасы.

Бұл күні балабақшаға жаздыгүні балалардың суға шомылуы үшін хауыздар мен түрлі ойыншықтар тарту етілді. Сондай-ақ балабақша тәрбиеленушілеріне тәттілер үлес­тірілді.

– Көпшілік Асылбекті «Асау» есі­мімен таниды. Жомарт жүректі азамат әркез қолында барды жан-жағындағылармен бөлісіп, қайы­рымдылық жасап жүреді. Бұл жолы да балаларды қуанышқа кенелту үшін игі іс атқарып отыр. Сол қуанышқа ортақтасып, балғын­дардың тағылымды тәрбие алуына тілектестігімізді білдірдік. Осындай жанашыр азаматтар барда елдің іргесі сөгілмейді. Бүлдіршіндерге жарқын болашақ тілеймін, – деді еңбек ардагері Байырбек Әмірбе­ков.

Балаларды қуанышқа бөлеген ардақты азаматқа балабақша ұжы­мы алғыстарын жеткізді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
03 маусым 2023 ж. 460 0