Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайық

Жыл сайын адамдардың суда құрбан болуына белгіленбеген жерде шомылу себеп болуда.

Арнайы қойылған белгілердің шеңберінен асып жүзуге де болмайды. Алайда кейбір шомылушылар ержүректік танытып шектен шығып кетеді. Бұл – өте қауіпті. Әсіресе ішімдік ішіп осындай «ерліктерге» барады. Көбінесе суда құтқарушыларға ішімдікке әуес азаматтар көптеген келеңсіз жағдайларды туындатады.

Жағажайда ішілген ішімдіктер демалушы қауымға теріс әсер етеді. Өйткені суға лақтырылған шөлмек сынықтары адамдардың әртүрлі жарақат алуына себепші болуда.

Десекте, қанша қауіпсіздік туралы айтқанмен, ережені бұзушылар табылып жатуы жаздыкүні балық аулаушылар үшін де су қауіпті. Суда қаншалықты шебер жүзе білсеңізде жеке құтқару құралдарын, құтқарушы кеудешелерді, дөңгелектерді бірге алып жүру қажет.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және демалысыңыз қайғымен аяқталмауына  ескертеді.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

29 мамыр 2023 ж. 189 0