Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Судан келер қауіп көп

Судан келер қауіп көп

Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетін арттырады. Алайда ауданымызда су айдындарының барлығына суға түсуге рұқсат етілмеген, суға түсуге жарамды болып бекітілмеген. Жаздың ыстық күндері денені салқындату үшін суға шомылатынымыз барлығымызға мәлім. Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.

Жағымсыз статистика, биылдың өзінде облыстық тө­тен­ше жағдайлар департаментінің көрсеткіші бойынша облыс көлеміндегі суда 3 адам қаза болды. Мұндай қайғылы жағдайларға адамдар көбінесе суға түсуге болмайтын жерге түсу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, суға мас күйінде түсу кезінде ұшырап жатады. Әрине, ауа температурасы 35-37 градустан жоғары болғанда адам өзен жағасында шомылмауы мүмкін емес, бірақ аз ғана шомылып салқындап аламын деп ойлап, жағажайдағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетіп жатады. Суда болған төтенше жағдайда адамның әрбір минуты қымбат. Егер сіз жақсы дайындықта болып, құтқарушының тәсілдерін, өз-өзіңізді құтқаруды, барлық қауіпсіздік ережелерін білсеңіз, онда өзіңіз тез әрі нақты шешім қабылдай аласыз.

Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:

– Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

– Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

– Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
– Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

Тыйым салынады:

– Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

– Қатты толқын кезінде суға түсу;

– Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;

– Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;

– Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқын­датады;

– Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;

– Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Барлық балалар ережелерді есте сақтау керек:

– Суға тек арнайы жерлерде түсу;

– Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;

– Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;

– Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;

– Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.

– Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;

– Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;

– Суға қасыңда үлкен адамдар болғанда шомылу керек.






Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
04 маусым 2022 ж. 427 0