Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдеп кодексінің талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшіге қойылатын басты талап

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшіге қойылатын басты талап

Мемлекеттік қызметшi болу – зор құрмет, сон­дықтан да мемлекеттік қызметші кәсібилікпен бірге жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болғаны абзал.

Мемлекеттiк қызметшi елi­мiз­дегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заң­ды шешiмдер қабылдауы, жал­ған ақпарат таратпауы, сын айт­қаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қыз­мет бабында пайдалануы тиіс.

Мемлекеттік қызметші жұмыс­тан тыс уақытта да Әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Оның ішінде, сыпайы, өзінің ла­уазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскер стильге сай өзін ресми түр­де ұстап, сабырлы, салмақты, ұқып­ты болуы керек.

Мемлекеттік қызметшінің сырт­ келбеті, оның қызметтік мін­­дет­­терін орындау кезінде мем­ле­кеттік аппараттың беде­лін ны­ғайтуға ықпал етуге, іскер­лікпен, ұстамдылықпен және жа­­уап­ты­лықпен ерекшеленетін жал­пы қабылданған іскерлік талапта­рына сай болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшіге жалпы қабылданған этиканы сақтау маңызды, себебі ол түрлі азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы қызметін атқарады. Оның қимыл-әрекеттері, сөй­леу мәнері, ой-пікірі, жеке қа­сиеттерінің барлығы адамға нұқ­сан келтірмейтіндей қызмет етуі керек. Қоғамдағы шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, бел­сенділік, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, ұстамдылық пен үнемшілдік, көрегенділікті көр­сетеді. Тиісінше, әр мемлекет­тік қызметші аталған қасиеттерге ие болса, мықты мемлекеттік ап­па­раттың қалыптасатыны сөзсіз.

Сондықтан, мемлекеттік талаптарды, мемлекеттік қызметті іске асыруда біз барлық талап­тарға сәйкес болуымыз керек. Әрбір мемлекеттік қызметші қыз­меттік әдепті сақтау үшін қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшінің өз күш-жігерін, білімін және атқа­­рып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасына қыз­мет ететіндігіне сенуі қажет.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі мем­лекеттік қызметшілердің адам­дық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне тікелей байланысты.

Мұрат Жамиев,
Сырдария ауданы
әкімі аппаратының
персоналды басқару
(кадр қызметі)
бөлімінің басшысы

16 мамыр 2023 ж. 128 0