Мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін қатаң ұстауы тиіс

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы. Олардың өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуі, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы өте маңызды.
Жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан сырт жүруі қажет. Мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі тұтынушының көңілінен шығып, ар-намысына нұқсан келтірмеуі тиіс.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов. Сондықтан еліміздің ертеңі бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, елге адал абыроймен қызмет ету – басты парызымыз.
Меңдігүл АСАН,
Сырдария аудандық сотының
жетекші маман-баспасөз хатшысы
Сырдария аудандық сотының
жетекші маман-баспасөз хатшысы