Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік қағидалары
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардан білім-біліктілігімен қатар адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Мемлекеттік қызметші қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтап, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруы тиіс. Жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдаланып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануы керек.
Сондай-ақ қызмет бабында құқық бұзушылық пен теріс қылыққа жол бермей, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етеді. Іскерлік пен ұстамдылық және ұқыптылықпен оның іскерлік талабын көрсетеді.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау керек. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларына жол бермеуі тиіс. Яғни мемлекеттік қызметші қарапайымдылық танытып, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланбау қажет.
Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға және меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту қажет.Сонымен қатар еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауы керек.
Бүгінде білімге бой ұрып, ұлы ғұлама әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзін ұмыт қалдырып барамыз. Тұла бойына тәрбие дарымаған дарын иесінен нағыз маман даярлау қиынға соғары хақ. Мемлекеттік қызметші біліммен қатар, жоғарыда атап айтқан жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттерді қатаң ұстанғанда ғана елдің ертеңі нұрлы болмақ.

Ж.Сырғабаева,
Сырдария аудандық сотының бас маман-аға сот жасауылы