Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Департамент қызметкерлері бірыңғай киім үлгісіне көшті

Департамент қызметкерлері бірыңғай киім үлгісіне көшті


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы жобаны іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өзгерістерді өзінен бастауды қолға алды.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код» болып саналады.
Осыған орай, біздің Департаменттің қызметкерлері біріңғай үлгілік стилде киім кию үрдісіне алғашқы болып көшті.
Мемлекеттік аппаратың жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті, мемлекеттік қызмет жүйесінің имиджін және корпоративтік мәдениетті арттыратын болады деп сенеміз.
02 наурыз 2018 ж. 1 551 0