Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қорқорды пайдалануға салынған тыйымдар мен тәртібі түсіндірілді

Қорқорды пайдалануға салынған тыйымдар мен тәртібі түсіндірілді

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға басқарманың жетекші маманы Ж.Бисенбай және «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиалының ақпараттық қолдау бойынша менеджер-кеңесшісі М.Айтмағанбетова қатысты. Мамандар «Қорқорды (кальян) пайдалануға салынған тыйымдар мен пайдалану тәртібі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары кезінде басқарманың 14.04.2023 жылғы №54 және «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Сырдария аудандық филиалының 14.04.2023 жылғы №5 бірлескен бұйрықтары назарға алынды.

Іс-шара барысында ауданда орналасқан қоғамдық тамақтану нысан егелеріне, жұмысшыларына бірқатар ереже талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оларды тұтыну үшін арнайы бөлінген орындардың болуы және белгінің соғылуы қаперге алынды.Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда сусындарды және тамақты ішуге болмайтыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ «Қорқордың адам ағзасына тигізетін зияны» туралы парақшалар таратылды.
23 сәуір 2023 ж. 357 0